Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балаларлың дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылы 24 ақпанда «Алтын сақа» облыстық математикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: математикадан дарынды балаларды анықтау, олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Павлодар қаласындағы 38 жалпы білім беру мектебінен 3 - 4 сыныптың 193 оқушысы қатысты.
Олимпиада тапсырмалары екі бөлімнен тұрады. 60 минут ішінде оқушылар 20 тапсырма орындау керек.
Олимпиада қорытындысы бойынша 108 жас математик жүлделі орынға ие болды: 3 сынып оқушылары арасында І орын - 15 оқушы, ІІ орын - 13, ІІІ орын - 25 оқушы ие болды; 4 сынып оқушылары арасында І орын - 15, ІІ орын - 16, ІІІ орын - 24 оқушы ие болды.
2023 жылы 28 сәуірде қалалық кезеңінің 30 жеңімпазы облыстық олимпиадаға қатысады.
Жас математиктерге сәттілік тілейміз!