«Жарқын болашақ» қазақ тілінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 2023 жылғы 26 сәуірде дарынды жастарға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында облыстың мамандандырылған және жалпы білім беретін мектептерінен 130-дан астам 7-11 сынып оқушылары - олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11 оқушысы: № 2, 11, 17 (3), 24, 25 (2), А.Байтұрсынұлы, Ж. Тәшенев , Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназияның оқушылары қатысты.
Байқаудың мақсаты-оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиада бес бағыт бойынша өтті: «Бейнелеушілер» - комикстер жанрындағы қазақ әдебиетінің туындыларын салу; «Білгірлер бәйгесі» - мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер жанрларын білу; «Жас қаламгер» - шығармашылық мүмкіндіктерді бағалау; «Сөз шеберлері» - сахнада шешендік қабілеттерін көрсету; «Әнші - бұлбұлдар» - әннің қалпын бұзбай, нақышына келтіріп орындау.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға Павлодар қаласы мектептерінің 10 оқушылары ие болды .
- «Бейнелеушілер» бағытында І орынды № 24 мектебінің 9 сынып оқушысы Валиханова Камила, ІІ орынды № 17 мектебінің 11 сынып оқушысы Кайстра Иваниеленді;
- «Білгірлер бәйгесі» бағытында ІІ орынды № 17 мектебінің 9 сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан иеленді;
- «Жас қаламгер» бағытында ІІІ орынды № 25 мектебінің 9 сынып оқушысы Рамазанова Амина;
- «Сөз шеберлері» бағытында ІІІ орынға № 11 мектебінің Половинко Татьяна, № 25 мектебінің Камесхан Нұртілек, Ж.Тәшенев атындағы мектебінің Кашимхан Аягөз 10 сынып оқушылары ие болды;
- «Әнші-бұлбұлдар» бағытында І орынды № 17 мектебінің 10 сынып оқушысы Петрова Полина, ІІ орынды Ш.Шөкин атындағы гимназия- мектебінің 7 сынып оқушысы Ибрай Аружан,ІІІ орынды № 2 мектебінің 8 сынып оқушысы, Тлеухан Мухаммед иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.