Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы тіл білімі бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында 2023 жылғы 10 қарашада «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 8-11 оқушыларына арналған лингвистика бойынша мектеп оқушыларының Республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға қаланың 34 жалпы білім беретін мектептерінен 8-11 сыныптың 57 оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 31 жүлдегер анықталды: І дәрежелі дипломмен - 2, ІІ дәрежелі дипломмен - 9, ІІІ дәрежелі дипломмен -20 оқушы марапаталады.
Олимпиада жеңімпаздары 28 қарашада лингвистика бойынша мектеп оқушыларының Республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.
Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы олимпиада да сәттілік тілейміз!