Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Шәкәрім оқулары» байқауының қалалық кезеңі
27-12-2023 16:57
«Шәкәрім оқулары» байқауының қалалық кезеңі

      Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы            27 желтоқсанда №7 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

            Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармашылығын зерттеу және білу.

Қазақ халқының рухани - мәдени өмірінде ерекше із қалдырған тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім -  Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы,  ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.

         Байқауға қаланың 38 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сыныптың  оқушылары қатысты.

            Байқау төрт бағыт бойынша өтті: «Мен жаздым   өлеңменен  бірталай сөз» - өлеңдерді жатқа оқу, Шәкәрімнің поэзиясы мен поэмаларынан үзінділер, «Ән - өлшеуіш, өлең – күміс» - Шәкәрімнің әндерін орындау, «Арыңның болсынөлең айнасындай» - жас ақындар байқауы, «Шәкәрім әлемі» - эссе жазу.

          Байқау қорытындысы бойынша  85 талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті,  45 қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 4 оқушы,   II орын – 14,           III орын – 27 оқушы.

«Мен жаздым   өлеңменен  бірталай сөз» номинациясы бойынша I орынды Кенжекөл мектебінің 8 сынып оқушысы Хамро Бақытжан, II орынды № 2, 25, 31, 38 мектеп оқушылары; III орынды № 17, 21, 29, 30, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің, М.Жүсіп, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.

 «Ән - өлшеуіш, өлең – күміс» - І орынды № 24 мектебінің 9 сынып оқушысы Исатай Амира; ІІ орынды № 25, 33, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, М.Әлімбаев атындағы мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 11, 30, 35, Б.Момышұлы, А.Байтұрсынұлыатындағы мектебінің оқушылары иеленді.

«Арыңның болсынөлең айнасындай»- І орынды № 35 мектебінің 9 сынып оқушысы Аманжолқызы Амира; ІІ орынды Ж.Тәшенев атындағы және Кенжекөл  мектебінің оқушылары; ІІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, № 7, 31 мектептің оқушылары иеленді.

«Шәкәрім әлемі»- І орынды  № 43 мектебінің 11 сынып оқушысы Савельева Елизавета; ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің, № 38 мектебінің оқушылары; ІІІ орынды Малайсары батыр атындағы, Б.Момышұлы, Ж.Тәшенев атындағы, № 5, 7, 14, 17, 24, 30, 35, 39, 40 мектептің оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің                I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың қантар айындағы өтетін облыстық кезеңге қатысады.