Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 9 қаңтарда сағат 10.00-де №7 мектепте (Жеңіс алаңы, 13) «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі.
Байқаудың мақсаты-поэзияға деген қызығушылықты қалыптастыру, өз ойларын ғылыми тұрғыда дәйекті түрде жеткізе білу қабілетінде өз білімін сынау, қазақ көркем әдебиетін оқуға баулу.
Оқуларға 8-11 сынып оқушылары, байқаудың мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады.
Оқулар төрт номинация бойынша өтеді: - Әбіш Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу»; - Ә.Кекілбаевтың шығармаларын жатқа оқу; - Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Зерделеу жоба» конкурсы; - «Сахналық қойылым».
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қалалық оқу жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.