«Жаз - 2024» кешенді бағдарламасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылғы
1 шілде – 28 тамыз аралығында 2-10 сынып оқушыларына арналған 3
кезеңнен құралған «BOOK BATTLE 2.0» қалалық байқауы өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындыларды рухани маңыздылығын жеткізу.
Байқауға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 160 оқушы қатысып, 2 кезеңге 30 оқушы іріктелді.
2 кезеңде 30 оқушының буктрейлері бағаланып, соңғы 3 кезеңге 14 оқушы өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді 6 қыркүйек сағат 12.00-де, №7 мектебіне шақырамыз.