Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әбіш оқуларының үздік білгірлері
14-01-2025 18:07
Әбіш оқуларының  үздік білгірлері

            Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2025 жылғы 14 қаңтарда 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық  кезеңі № 6  мектебінде өткізілді.

       Конкурстың мақсаты - Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, ана тілі мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін  тәрбиелеу.

            Әбіш Кекілбаев – сан қырлы тұлға, орасан зор қаламгер, әдебиетке жаңашыл, филолог, аудармашы, энциклопедиялық білімі бар тарихшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик. Қоғамдық ғылымдар академиясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры.

          Байқауға 31 жалпы білім беретін мектептен 111 оқушы Әбіш Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу»; Ә.Кекілбаевтың шығармаларын жатқа оқу; Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Зерделеу жоба»; «Сахналық қойылым» - төрт номинация бойынша:қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша 72 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 8 оқушы, II орын -27, III орын - 37.

          Ә.Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу» бағыты  бойынша І орынды  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің  10 сынып оқушысы  Молдағали Ибраһим;ІІ орынды № 17, 27, 43, Малайсары батыр атындағы, С.Торайғыров атындағы, М.Әуезов атындағы, Кенжекөл  мектебінің оқушылары; ІІІ орынды №  2, 6, 7, 11, 18,  25, 26, 40, 41, А.Шамкенов атындағы лицей-мектебінің, Мәшһүр Жүсіп атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушылары иеленді.

            «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша I орынды  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9 сынып   оқушысы  Хамитова Амина; ІІ орынды № 38,  Қ.Бекқожин атындағы мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 29, Малайсары батыр атындағы, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары иеленді.

          «Шығармашылық жұмыс» бағытында І орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы  мектептің 9 сынып оқушысы  Серикбаева Жадыра; ІІ орынды  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және № 2, 21, Ж.Ташенев атындағы мектебінің оқушылары;  ІІІ орынды № 25, 38, С.Торайғыров атындағы   мектептің оқушылары иеленді.

          Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Сахналық қойылым» бағытында 11 команда сахналық шеберліктерін көрсетті. І орынды № 2 мектеп командасы;  ІІ орынды  № 21, 25, 26 мектеп командасы және ІІІ орынды № 17, 38, Ж.Ташенев атындағы,  М.Әуезов атындағы мектеп командасы иеленді.

          Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

            Конкурс жеңімпаздары облыстық кезеңіне қатысады.