Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Облыстық «Әбіш оқулары» қорытындысы
14-03-2025 19:05

«Әбіш оқулары»  республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсыныңоблыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 8-11 сыныптың 110оқушысы-қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары: № 2 (5), 38, 43, Ә.Бөкейхан атындағы  лицей-мектебінің (2), Мәшһүр Жүсіп атындағы Павлодар қаласы мектептерінің  10 оқушысы қатысты.

Оқулар 2025 жылдың 14 наурызында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатында өтті. Ұйымдастырушысы облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы  болып  табылады.

Ережеге сәйкес байқау 4 бағыт бойынша өткізілді.

Конкурстың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 4 қатысушысы жүлделі орынға ие болды:

Ә.Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу» бағыты  бойынша І орынды  Ә.Кекілбаевтың «Тырау - тырау тырналар»» шығармасына иллюстрациясын көрсеткен Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің  10 сынып оқушысы  Молдағали Ибраһим және ІІІ орынды  № 43 мектептің 11 сынып оқушысы Брусенко Валерияиеленді.

«Мәнерлеп оқу»бағыты бойынша I орынды  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 9 сынып   оқушысы  Хамитова Амина иеленді. Амина «Өмір – күрес»  прозасынан үзінді оқыды.

          «Шығармашылық жұмыс» бағытында ІІІорынды № 38 мектептің 10 сынып оқушысы Хуаныш Мұнара иеленді.

Облыстық «Әбіш оқулары» байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім басқармасының I, II, IIIдәрежелі дипломдарымен марапатталды.