Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
06-05-2025 15:07
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 5 мамыр күні жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің  278 оқушысы, олардың ішінде Павлодар қаласының қалалық кезеңнің 21 жеңімпазы қатысты.

Олимпиада ұйымдастырушысы – облыстық білім басқармасының «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейімдеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырлған білім алушыларды анықтау.

Олимпиада қорытындысы бойынша Павлодар қаласының 12 оқушысы пәндер бойынша өздерінің зияткерлік қабілеттерін көрсетті, соның ішінде                І дәрежелі дипломдармен - 1 оқушы, ІІ дәрежелі - 7, ІІІ дәрежелі - 4.

- І дәрежелі дипломмен Ж.Тәшенев атындағы мектептің 5 сынып оқушысы Жанатаева Айзере (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі);

- ІІ дәрежелі дипломмен:  №21 мектептің 5 сынып оқушысы Исболат Саида (Қазақстан тарихы), №43 мектептің 5 сынып оқушысы Чумак Тимофей, №11 мектептің 6 сынып оқушысы Сарсембенов Алан (орыс тілі мен әдебиеті), 6 сынып оқушылары - №17 мектептің Родионова Евгения және №39 мектептің оқушысы Казачков Давид (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі);

- ІІІ дәрежелі дипломмен: Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Баденова Ясмина, №11 мектептің 6 сынып оқушысы Әбдіқадыр Малика (ағылшын тілі), Кенжекөл мектебінің 5 сынып оқушысы Ранеев Елезар, Ж.Ташенев атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Дюсен Мерей (жаратылыстану) марапатталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар облысы білім беру басқармасының дипломдарына ие болды.