Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2025 жылдың 3 маусым күні «Polymath» жазғы кешенді жобасы аясында 2-4 сынып оқушылары арасында «Абайды оқы, ерінбе» жобасын өткізді.
Қаланың 28 жалпы білім беретін мектебінен және «Академия успеха» жеке меншік мектебінің 2 -4 сыныптың 47 оқушысы қатысты.
Жобаның мақсаты - ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, шығармалары өзектілігін жоғалтпайтындығын, ұрпақ үшін қызықты екенін көрсету.
«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» байқауының қорытындысы бойынша 30 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде: I орын – 2, II орын – 10, III орын – 18.
І орынды № 18 мектептің 4 сынып оқушысы Никита Шатов пен № 38 мектептің 3 сынып оқушысы Хавалхан Нұрислам иеленді. ІІ дәрежелі дипломдармен № 14, 18, 25, 26, 35, 43, Қ.Бекхожин атындағы, Ж.Тәшенев атындағы, Кенжекөл, Жетекші мектептерінің оқушылары марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломдармен: № 2, 6 (2), 7, 14, 17 (2), 24, 29, 35 (2), 40, 43, Малайсары батыр атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы, Ә.Бөкейхан атындағы, Б.Момышұлы атындағы, С.Торайғыров атындағы мектептердің оқушылары марапатталды.
Оқушылар ұлы Абайдың шығармаларын оқып, қанатты сөздерін білетіндерін көрсетті.
Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
