2025 жылдың 11 маусым күні «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 7–8 сынып оқушыларына арналған «Сила PVL» спорттық іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға қаланың 23 жалпы білім беретін мектебінен 140 оқушы қатысты.
Спорттық ойын барысында оқушылар жоғары белсенділік, қызығушылық және жақсы физикалық дайындықтарын көрсетті.
Қатысушылар 8 түрлі станциядан өтіп, ептілікке, төзімділікке және командалық өзара әрекеттестікке негізделген тапсырмаларды орындады.
Іс-шараның нәтижесі бойынша: І орын– А. Байтұрсынұлы ат. мектеп командасы иеленді.
ІІ дәрежелі дипломмен – №7, 14, 26, 40, Жетекші, М.Ауезоват. жалпы орта мектептерінің командалары марапатталды.
ІІІ орынды – №2, 11, 39, Кенжекөл,Ж.Ташенев ат., Ә.Бөкейханат. мектеп-лицей командалары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
