Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ
22-09-2025 11:04
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

2025 жылғы 18 қыркүйекте Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебінде жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, талантты оқушылардың шығармашылық қызметін одан әрі дамыту мақсатында "Зерде" республикалық зерттеу жобалар  конкурсының қалалық кезеңі өтті.

         Ұйымдастырушы Павлодар қаласы білім беру бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы болып табылады. Жыл сайынғы байқауға 40 мектептен 2-7 сыныптың 353 оқушысы, 305 жобаның авторлары қатысты.

            2-7 сынып оқушылары өз білімдерін ғана емес, сонымен қатар оларды тәжірибеде қолдана білу, стандартты емес шешімдер ұсыну және өз көзқарастарын қорғай білу қабілеттерін де көрсетті.

         Қатысушылардың жұмыстары табиғи және техникалық ғылымдардан бастап гуманитарлық зерттеулер мен қолданбалы жобаларға дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. Қазіргі қоғамның, экологияның, ақпараттық технологиялар мен мәдениеттің өзекті мәселелеріне ерекше назар аударылды.

           Зерттеу жұмыстарын қорғау 12 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика қолданбалы математика,  физика, космос, туризм және спорт, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, химия,  биология, медицина, психология, экология, информатика, робототехника STEM инженерия, технология және өнер.

       Байқау қорытындысы бойынша 255 қатысушы – 216 жобаның авторлары жеңімпаз және жүлдегер атанды.

I орынды 49 жобаның авторлары, 40 қатысушы иеленді: №7 (2), №17 (9), №21, №25 (6), №29, №30, №35, №38 (2), №39 (3), №40, №43, Ш.Шөкин (3), А.Шәмкенов (2), М.Жүсіп (2), Ә. Бокейхан (3), С. Торайғыров, А. Байтұрсынұлы (4), Ж. Тәшенев, М.Әуезов (2), Жетекші, робототехник мектебі  “Сатурн”(2).

ІІ орын –109 қатысушы, 93 жоба,

ІІІ орын – 97 қатысушы 83 жоба.

          Оқушылардың орындау  нәтижелері бойынша "Ең үздік қалалық команда" номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен №17 мен №25, ІІ дәрежелі дипломмен  № 7,  35,  Ә. Бөкейхан атындағы ,  Ш.Шөкин атындағы,  А.Байтұрсынұлы атындағы, ІІІ дәрежелі дипломмен №21, 29, 26,  С. Торайғыров атындағы, А.Шәмкенов атындағы,  М.Әуезов атындағы,  Ж.Тәшенев атындағы  мектеп  оқушылары  марапатталды.

       "Зерде" байқауының облыстық іріктеу кезеңіне 100-ден астам үздік жоба қатысады.