Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Махамбет оқулары» байқауының қорытындысы
15-09-2026 16:39
«Махамбет оқулары» байқауының қорытындысы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2026 жылғы 15 қыркүйекте №2 мектебінде                 8-11 сынып оқушылары арасында «Махамбет оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

            Махамбет Өтемісұлы – ақын, сазгер және күй орындаушы, халық бастаған жауынгер; азат, тәуелсіз Қазақстанды көруді армандаған күрескер, рухы биік ақын. Оның асқан ақындық қабілетін барша жұрт мойындады.

         Байқаудың мақсаты – дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, олардың ақынның шығармашылығына деген танымдық қызығушылығын арттыру.

Байқауға қаланың 41 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сыныптың  оқушылары қатысты.

Оқулар бес номинация бойынша өтті: «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу; «Ел құтқарар ер едім...» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу; «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындау; «Тартынбай сөйлер асылмын...» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы;«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

             Байқау қорытындысы бойынша  87 талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті,  48  қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 5 оқушы,   II орын – 17, III орын – 26 оқушы.

«Ұлы арман»номинациясы бойынша I орынды № 27 мектебінің 10 сынып оқушысы Иванова Алена;II орынды № 11, 17, 24, 29, 36, 41, Малайсары батыр атындағы, М.Әуезов атындағы мектебінің оқушылары; III орынды № 18, 21, 26, 31, 33, 35, 39,  Р.Нұртазина атындағы, А.Шәмкенов атындағы лицей-мектебінің, Жетекші  мектеп оқушылары иеленді.

«Ел құтқарар ер едім...»-I орынды № 38 мектебінің 8 сынып оқушысы Хайратұлы Жігер; II орынды Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің,  Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушылары; III орынды № 36, 48, Малайсары батыр атындағы, Мәшһүра Жүсіп атындағы, Жетекші мектебінің оқушылары иеленді.

 «Шашақты найза, шалқар күй»- І орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектебінің10 сынып оқушысы Хамзин Ерасыл; ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушысы; ІІІ орынды № 48, М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары иеленді.

«Тартынбай сөйлер асылмын...»- І орынды Ж.Тәшенев атындағы мектептің  10 сынып оқушысы Ерсін Жазира; ІІ орынды 25, 47 мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 30, 38, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушылары иеленді.

«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер»- І орынды Мәшһүр Жүсіп атындағы мектебінің 9 сынып оқушысы Секер Балжан; ІІ орынды № 2, 25, 32, 47 мектеп оқушылары; ІІІ орынды № 26, 35, 39,  М.Әлімбаев атындағы, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Кенжекөл мектебінің оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің   I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың 22 қыркүйекте өтетін облыстық кезеңге қатысады.