2026 жылғы 1 қазанда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласының шығармашыл оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңін өткізеді.
Байқаудың мақсаты: 8-11 сынып оқушыларының гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласындағы кәсіби қызметті таңдауға, өлең жазуға, тапқыр талантты ашуға, оқушылардың (поэтикалық, шешендік шеберлік, түрлі ұлттық аспаптарда ойнау және т.б.) шығармашылық қабілеттерін анықтау.
Конкурс алты номинация бойынша өткізіледі: «Ақындар мүшәйрасы», «Ақындар айтысы», «Шешендік, білгірлік сайысы», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Эссе жазу», «Көркем сөз оқу».
«Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.
«Павлодар дарыны» БУҚБДДО
