9-11 (12) сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиада туралы ақпарат
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданың өтетінін хабарлайды.
Конкурсты өткізу ережелері «Павлодар дарыны» БУҚБДДО-ның ресми сайтында орналасқан.
Олимпиада ағылшын тілінде 4 кезеңде өтеді:
1-кезең (мектепішілік) – 2026 жылғы 5 қазандаофлайн форматта (тест түрінде) өткізіледі.
2-кезең (аудандық) - 2026 жылғы 23 қазандаSmart Daryn платформасында өткізіледі.
3-кезең (облыстық) - 2026 жылғы 26 қарашадаSmart Daryn платформасында өткізіледі.
4-кезең (республикалық) - 2026 жылғы 19 қаңтардаZOOM платформасында өткізіледі. Қатысушылар «Дарын» өңірлік орталықтарында жиналады.
