Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Ақберен» қалалық байқауының қорытындысы
02-10-2026 10:25

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2026 жылғы             1 қазанда №30 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі  өткізілді.

Байқаудың мақсаты-қазақ тілі мен ұлттық өнерді  құрметтейтін, шығармашылық ойлайтын, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарында  оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық  дамуына жағдай  жасау.

Байқау алты номинация бойынша өтті, оған қаланың 39 жалпы білім беретін мектебінің 114 оқушысы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша  51  қатысушы жүлдегер атанды, оның ішінде: I орын - 5 оқушы,   II орын – 18,  III орын – 28 оқушы.,, келесі бағыттар бойынша:

- «Шешендік, бірлік сайысы» I орындыҚ.Бекқожин атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Нұғұманова Фатима;II орынды Қ.Макпалеев атындағы және Жетекші мектеп оқушылары; III орынды № 24, 25, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Ш.Шөкин атындағы гиназия-мектеп оқушылары иеленді.

- «Көркем сөз оқу» I орынды № 47 мектебінің 11 сынып оқушысы Хамитова Амина; II орынды № 25, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Кенжекөл мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 17, 24, 29, 40  мектеп оқушылары иеленді.

- «Эссе жазу»  I орынды № 33 мектебінің 11 сынып оқушысыУразбекова Анель; II орынды № 25, Малайсары батыр атындағы, М.Әлімбаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы,  Жетекші мектептерінің оқушылары; III  орынды № 30, 47, 48, 38, 7, 31, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Қ.Бекқожин, М.Жүсіп атындағы мектептерінің оқушылары иеленді.

- «Ұлттық аспапта ойнау» I орынды № 47 мектебінің 9 сынып оқушысы Аукен Әділет; II орынды№ 30, 31, 38, К.Макпелеев, Б.Момышұлы атындағымектебінің оқушылары иеленді; III орынды № 5, 25, 39, 46, 48, М.Әлімбаев,  Кенжекөл мектеп оқушылары иеленді.

- «Ақындар айтысы» I орынды III орынды М.Жүсіп атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Шахмарданов Абдулазиз иеленді.

- «Ақындар мүшайрасы»  I орынды №47 мектебінің 11 сынып оқушысы Мұратбек Мөлдір; II орынды№2, Кенжекөлмектеп оқушылары; III орынды № 30, 38, Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің                I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың  15 қазанында облыстық кезеңге қатысады.