Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық кезеңі туралы
08-10-2026 15:38
Жалпы  білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық кезеңі туралы

2026 жылғы 13 қазанда сағат 09.00-де «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласының жалпы  білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық кезеңін Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде  (Ак. Ш.Шөкин к-сі, 159/4) өткізеді.

        Конкурсқа қатысу үшін 283 жұмыс түсті, оның ішінде 32 командалық жұмыс. Өтінімдерді қаланың 42 жалпы білім беретін мектебі тапсырды. 14 пен 16 жас аралығындағы 315 зерттеуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 2 бағыт бойынша жұмыстарды қорғайтын болады:

І бағыт-жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша секциялар:

Физика; Жер және ғарыш туралы.Астрономия; Математика.Қолданбалы математика; Робототехника.STEM; Экономика және қаржы; Креативті индустрия;

Ақпараттық жүйелер мен технологиялар. Есептеу нейроғылымы; География және туризм; Химия.Қоршаған орта химиясы; Биология және өмір туралы ғылымдар.Биохимия; Экология.

ІІ бағыт-қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша секциялар:

Тіл білімі (қазақ, орыс, ағылшын); Әдебиет (қазақ, орыс); Тарих. Адам және қоғам; Дүниежүзілік мәдени мұра. Түркітілдес елдер мен қазақ халқының мәдениеті. Әлем халықтарының этнографиясы; Әлеументтік желілер және маркетинг