Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылдың 7 қазанда «Шеберлік пен шығармашылық» жобасы шеңберінде «Шеберлер қаласы» сәндік - қолданбалы шығармашылық қалалық байқауы өткізді.
Мақсаты:балалардың сәндік-қолданбалы шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:«Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған креативті бұйымдар»,«Матадан жасалған бұйымдар».
Шебер оқушылар тоқыма бұйымдарын дайындау, ағашты, сүйекті, теріні, шыныны, металды көркем өңдеу, ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабыннан, ағаштан және тоқымадан шағын мүсіндер жасау.
Байқауға жалпы білім беретін 27 мектептің 5 сыныптарынан 82 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 41 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда:
І орын– № 2, № 31 жалпы білім беретін мектептердің, К. Бекхожин және М. Жүсіп атындағы мектептердің 4 оқушысы;
ІІ орын– № 17, № 29, № 35, № 38, № 40, № 46, № 48 мектептердің, Ш. Шокин, К. Бекхожин, М. Әлімбаев, Ә. Бөкейхан және А. Байтұрсынов атындағы мектептердің 15 оқушысы;
ІІІ орын– № 2, № 7, № 18, № 26, № 27, № 39, № 40, № 43, № 46, № 47 мектептердің, К. Мақпалеев, Ш. Шокин, М. Әлімбаев, М. Жүсіп, А. Байтұрсынов, М. Әуезов атындағы мектептердің, сондай-ақ Кенжекөл ауылы мектебінің 23 оқушысы әртүрлі бағыттар бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Жеңімпаздар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
