Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылар арасында «Ер жүрегі – ел тірегі» сайысынның қорытындысы.
16-10-2026 16:46
Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылар арасында «Ер жүрегі – ел тірегі» сайысынның  қорытындысы.

Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылар арасында «Ер жүрегі – ел тірегі» сайысынның  қорытындысы.

 

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылғы 15 қазанда   №7 мектеп базасында «Заң» азаматтық құқықтық жобасы аясында, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 8 – 9 сынып ер балаларының арасында «Ер жүрегі – ел тірегі» сайысын өткізді.

Сайысқа қала мектептерінен 54 оқушыдан құралған 27 мектеп қатысты.

Іс-шараның мақсаты— оқушылардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, заңға деген құрметін арттыру, құқықтық білім деңгейін көтеру және сайыс тапсырмаларын орындау арқылы практикалық дағдыларын дамыту.

Сайыс зияткерлік тапсырмалар мен спорттық сынақтарды біріктірген құқықтық ойын форматында өтті. Қатысушылар өз білімдерін, ептіліктерін, күш-жігерін, тапқырлықтарын және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.

Сайыс бағдарламасы бес кезеңнен тұрды:

  1. «Ептілік»;
  2. «Күш бірлікте»;
  3. «Ребусты тап»;
  4. «Қол күрес»;
  5. «Жылдам тап».

Әр кезеңде қатысушылардың дене қабілеттерін, логикалық ойлауын, командалық өзара әрекеттесуін және құқықтық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар орындалды.

Сайыс қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен мектеп № 43, 40; II дәрежелі дипломмен мектеп № 36, 35, 30, 18, 2, Б. Момышұлы ат., Р. Нұртазина ат., А. Байтұрсынұлы ат. мектептері; III дәрежелі дипломмен № 29, 7, 21, 33, Ш. Шөкин ат., Малайсары батыр атындағы және Жетекші мектептер марапатталды.

Сондай – ақ, сайыс қатысушылары да әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, сертификаттарға ие болды.