«Жаңа көзқарас» қалалық пікірсайыс мектебі: қазақ лигасының сабағы
«Жаңа көзқарас» қалалық пікірсайыс мектебі: қазақ лигасының сабағы
2026 жылғы 14 қазанда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Жаңа көзқарас» қалалық пікірсайыс мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес қазақ лигасының сабағы өткізілді.
Сабақтың тақырыбы – «Қарар түрлері». Сабақ барысында оқушылар қарарлардың ерекшеліктерімен танысып, олардың түрлерін ажырату, тақырыпты талдау және өз ұстанымдарын дәлелді түрде жеткізу дағдыларын жетілдірді.
