Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Жасыл марафон» спорттық-экологиялық жарысы
15-09-2026 16:09
«Жасыл марафон» спорттық-экологиялық жарысы

«Жасыл марафон» спорттық-экологиялық жарысы

2026 жылғы 15 қыркүйекте «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен №7 мектептің спорт алаңында «Салауатты мектеп» жобасы аясында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 5-сынып оқушылары арасында «Жасыл марафон» спорттық-экологиялық жарысы  өткізілді.

Жарыстың мақсаты — оқушылардың салауатты өмір салтына, дене белсенділігіне қызығушылығын арттыру, экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру және ойын түрінде командалық жұмыс дағдыларын дамыту.

Жарысқа Павлодар қаласының №2, №7, №11, №15, №16, №18, №27, №29, №30, №33, №35, №39, №40, №43, №47, №48 мектептері, М. Әуезов атындағы, Қ. Бекқожин атындағы, Қ. Макпалеев атындағы, М. Жүсіп атындағы, А. Шамкенов атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Жетекші, М. Әлімбаев атындағы және С. Торайғыров атындағы мектептерді қоса алғанда, барлығы 37 мектептен 222 оқушы қатысты.

Қатысушылар спорттық шеберліктерін, салауатты өмір салты мен экологиялық мәдениет саласындағы білімдерін көрсетті. Жарыс командалық эстафета форматында өтіп, спорттық, зияткерлік, экологиялық және командалық тапсырмаларды қамтыды. Оқушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоцияға бөленіп, күш-жігерлерін шыңдады.

Жарыс қорытындысы бойынша 3 мектеп І дәрежелі, 6 мектеп ІІ дәрежелі, 10 мектеп ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

І дәрежелі дипломмен №5, №7 мектеп, С. Торайғыров атындағы мектептер марапатталды.

          ІІ дәрежелі дипломмен Ш.Шокин атындағы, №17, №40, А. Байтұрсынұлы атындағы, №21 мектеп, №48 мектептер марапатталды.

          ІІІ дәрежелі дипломмен № 31, Малайсары батыр атындағы, №36, Р. Нұртазин атындағы, №2, А. Шамкенов атындағы, Б. Момышұлы атындағы, №27, №29, №39 мектептер марапатталды.