«Денсаулық додасы» интеллектуалдық ойыны
2026 жылғы 20 қазанда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы «Салауатты мектеп» жобасы аясында Павлодар қаласының № 35 мектебінде қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 7-сынып оқушылары арасында «Денсаулық додасы» интеллектуалдық ойынын өткізді.
Іс-шараға қалалық мектептерден 93 оқушыдан құралған 31 команда қатысты. Ойын қатысушыларға жаңа білім алып, жарқын эмоциялармен бөлісуге және нағыз командалық жұмыстың маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындарға 18 команда ие болды. Олардың ішінде I орын – Р.Нұртазин атындағы мектеп командасы, II орын – № 21, 26, 29, 35, 47, Б.Момышұлы ат., Жетекші мектебініңкомандасы, III орын – № 7, Ш.Шөкин ат., 18, А.Бокейхан ат., 31, 25, 36, 41, 43, 48 мектеп командалары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдары мен сертификаттарымен марапатталды.
