Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы
22-10-2026 16:56
8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы

8-11 сынып оқушылары арасындалингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы

 

         

Павлодар қаласының білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылғы 20 қазанда 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты– оқушылардың «қолданбалы лингвистика» пәнін оқуға қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беруде ой-өрістерін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін олимпиадалық резервін құру.

          Қолданбалы лингвистика бойыншаіс-шараға Павлодар қаласының 34 мектебінен 65 оқушы қатысты.

Конкурстың қорытындысы бойынша  32 оқушы марапатталды, оның ішінде І дәрежелі дипломдармен - 1, ІІ дәрежелі – 9, ІІІ дәрежелі – 22.

         Ең көп ұпай жинаған төрт оқушы лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.