8-11 сынып оқушылары арасындалингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңінің қорытындысы
Павлодар қаласының білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылғы 20 қазанда 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты– оқушылардың «қолданбалы лингвистика» пәнін оқуға қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беруде ой-өрістерін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін олимпиадалық резервін құру.
Қолданбалы лингвистика бойыншаіс-шараға Павлодар қаласының 34 мектебінен 65 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша 32 оқушы марапатталды, оның ішінде І дәрежелі дипломдармен - 1, ІІ дәрежелі – 9, ІІІ дәрежелі – 22.
Ең көп ұпай жинаған төрт оқушы лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысады.
