Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Ел тарихы – Ту тарихы» атты облыстық интеллектуалдық байқауы
23-10-2026 11:30
«Ел тарихы – Ту тарихы» атты облыстық интеллектуалдық байқауы

«Ел тарихы – Ту тарихы» атты облыстық интеллектуалдық байқауы

 

2026 жылғы 22 қазанда М. М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайында «Менің туым» облыстық жобасы аясында 7–8 сынып оқушылары арасында «Ел тарихы – Ту тарихы» атты облыстық интеллектуалдық байқауы өтті.

Іс-шараға қалалық және облыстық мектептерден 7 команда құрамында 70 оқушы қатысты. Қатысушылар Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша білімдерін, шығармашылық қабілеттерін, эрудициясын және командада жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Байқау оқушылардың бастамашылдығын, интеллектуалдық қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттерін танытуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға және патриоттық сезімді тәрбиелеуге ықпал етті.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 26 мектебінің командасы III дәрежелі дипломмен марапатталды.