«Суреттер сөйлесін» қалалық шығармашылық конкурс
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылғы 28қазанда «Стоп-буллинг» жобасы аясында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 6-сынып оқушылары арасында «Суреттер сөйлесін» қалалық шығармашылық конкурсын өткізді. Конкурсқа қала мектептерінен 26 оқушы қатысты.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, достық пен мейірімділікті дәріптеу, бір-біріне деген құрметті қалыптастыру, сондай-ақ бейнелеу өнері арқылы буллингтің алдын алу.
Қатысушыларға ұсынылған бес тақырыптың ішінен бір тақырыпты таңдап, сол бойынша шығармашылық жұмыс орындау ұсынылды. Оқушылар өз суреттерінде достық, өзара көмек, мейірімділік, сыйластық және қауіпсіз мектеп ортасы идеяларын бейнеледі.
Қазылар алқасының мүшесі ретінде Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінен арнайы шақырылған Канленов Медет Ерболович қатысты.
Жеңімпаздар, жүлдегерлер және қатысушылар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының дипломдары және сертификаттармен марапатталды.
I дәрежелі дипломмен – 1 қатысушы: К.Макпалеев атындағы КММ жалпы орта білім беру мектебі;
II дәрежелі дипломмен – 4 қатысушы: № 5, Ж. Тәшенов атындағы, № 41, № 43 мектептері;
III дәрежелі дипломмен – 8 қатысушы: № 35, А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан атындағы, № 18, Р. Нұртазина атындағы, № 11, № 26, № 40 мектептері марапатталды.
