Ауылдық мектеп оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
2026 жылғы 27-30 қазан аралығында ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Павлодар қаласында «ауыл мектебі» мәртебесіне ие төрт мектеп бар: № 38, № 40 орта мектептері, Кенжекөл және Жетекші орта мектептері.
Олимпиада қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша екі турда өткізілді.
Олимпиаданың облыстық кезеңіне аталған мектептерден 58 оқушы қатысты. Зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 23 оқушы дипломдармен марапатталды. Оның ішінде 3 оқушы I дәрежелі, 5 оқушы II дәрежелі және 15 оқушы III дәрежелі дипломға ие болды.
I дәрежелі дипломмен Кенжекөл орта мектебінің оқушылары Ешенова Томирис, Гросс Ингрид менҚұрман Айыммарапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары қараша айында өтетін республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.
