«ҚҰҚЫҚТЫҚ ОТБАСЫ»: ЗАҢ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
«Заң мен тәртіп» жалпыұлттық идеологемасын жүзеге асыру аясында М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Құқықтық отбасы» атты отбасылық зияткерлік «Брейн-ринг» ойыны өтті.
Іс-шараға қала мектептерінің ата-аналар мен оқушылардан құралған отбасылық командалар қатысты. Зияткерлік бәсеке мен командалық бірліктің ерекше атмосферасында қатысушылар ойынның бес қызықты кезеңінен өтіп, өздерінің құқықтық сауаттылығы мен жан-жақты білімдерін ғана емес, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын, шапшаңдығын және бірлесе отырып дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын көрсетті.
Ойынның әр кезеңі заңдар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін тексеруге, сондай-ақ құқықтық қоғам нормаларын түсіну мен сақтаудың маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік берді.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
