8-11 сынып оқушылары арасындалингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 5 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты– оқушылардың «қолданбалы лингвистика» пәнін оқуға қызығушылығын ынталандыру, жалпы білім беруде ой-өрістерін дамыту, ғылыми білімді насихаттау, лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін олимпиадалық резервін құру.
Іс-шараға қалалардың, аудандардың жалпы білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 67 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 4 оқушысы - № 17, 35, Б.Бекқожин атындағы, Ә.Бөкейхан атындағы мектептердің жеңімпаздары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша №35 мектептің 10-сынып оқушысы Мұқақали Серікқали ең көп ұпай жинап, 1-орынға ие болды.
2026 жылғы 30 қарашада Мұқақали Серікқали лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасынақатысады.
