2-8-сыныпоқушыларыарасындаөткізілетін«Зерде» республикалықзерттеужұмыстарыменшығармашылықжобаларконкурсыныңоблыстықкезеңі
2026 жылғы 6 қарашада Павлодар қаласындағы Жұмабек Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 2-8-сынып оқушылары арасында өткізілетін «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға 400-ден астам жас зерттеуші, сонымен қатар Павлодар қаласы мектептерінің 146 оқушы қатысты, олар 119 жоба ұсынған.
Зерттеу жұмыстарын қорғау екі бағыт бойынша – жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда, 12 секция бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация; математика, қолданбалы математика; физика, ғарыш және Жер туралы ғылымдар; туризм, спорт және қауіпсіз тіршілік әрекеті; тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық; этномәдениеттану және мәдени мұра; химия, биология; экология, адам денсаулығы және психология; информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия; технология, өнер, дизайн және креативті индустриялар.
Байқау қорытындысы бойынша 109 қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Оның ішінде 7 оқушы І дәрежелі, 24 оқушы ІІ дәрежелі, 78 оқушы ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар 13 оқушы Құрмет грамотасымен марапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары өз жұмыстарын «Зерде» республикалық конкурсында таныстыратын болады.
