Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Бір қадам – бір тағдыр» Тақырыбында қалалық іс - шара
11-11-2026 15:32
«Бір қадам – бір тағдыр»  Тақырыбында қалалық іс - шара

«Бір қадам – бір тағдыр»

Тақырыбында қалалық іс - шара

2026 жылғы  11 қарашада «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында «Заң» азаматтық-құқықтық жобасы аясында 9 - 10 сынып оқушыларына арналған «Бір қадам – бір тағдыр» кездесуі өткізілді.

Кездесуге Павлодар қаласының 23 жалпы білім беретін мектептерінің 46 оқушысы қатысты. Спикер ретінде Павлодар қаласының «Өңірлік психологиялық қолдау орталығының» психолог маманы Вергизова Юлия Владимировна және Павлодар облысы Полиция департаментінің аға инспекторы  Ибраева Каиргуль Госмановна баяндамаларымен қатысты.

Іс-шара барысында мамандар жасөспірімдерге есірткі заттарын қолданудың зияны, оның адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсері туралы маңызды ақпарат берді. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, зиянды әдеттерден аулақ болу, құқықтық жауапкершілік және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері қозғалды.

Кездесу мазмұнды әрі ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, есірткі заттарынан бас тартудың маңыздылығы, дұрыс таңдау жасау және өз болашағына жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы ақпарат пен қажетті кеңестер алды.