Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Дүниежүзілік балалар күніне орай «Балалар үні» қалалық пікірсайыс турнирі.
20-11-2026 17:45
Дүниежүзілік балалар күніне орай «Балалар үні» қалалық пікірсайыс турнирі.

Дүниежүзілік балалар күніне орай «Балалар үні» қалалық пікірсайыс турнирі.

 

2026 жылғы 19 қараша күні«Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Малайсары батыр атындағыжалпы орта мектебінде Дүниежүзілік балалар күніне орай «Балаларүні» қалалық пікірсайыс турнирін өткізді.

Турнирге Павлодар қаласының мектептерінен 16 команда (32 қатысушы) қатысып, дәлелді пікір айту қабілеттерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша І орын – Қ.Бекқожин атындағы мектеп командасы, № 25 жалпы орта мектебі және «Жас дарын» мамандандырылған мектеп командалары, ІІ орын – № 2, № 25, Қ.Бекқожин атындағы мектеп командалары,  ІІІ орынды – № 39, № 47,  «Жас дарын» мамандандырылған мектеп командалары иеленді.

«Сөз шеберлері» номинациясы – Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебі, «Үздік фракция» номинациясы – № 35 жалпы орта мектебі, «Үздік кейс» номинациясы – М.Әуезов атындағы мектеп, «Үздік аналитиктер» - № 48 жалпы орта мектебі, «Үздік спикер» номинациясы  -         № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Рахат Мақсат,  «Үздік төреші» номинациясы бойынша – Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар Педагогикалық университетінің студенті Бейсенбаева Сұлужан анықталды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдары және кубоктарымен марапатталды.