Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы
26-11-2026 15:09
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы

 

     Павлодар қаласының білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2026 жылғы 24 қараша  күні № 2 мектепте және 25 қараша күні № 17 мектепте  жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың  қалалық кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейімдеу, республикалық пәндік олимпиадаларға  қатысу үшін жоғары  ынталандырылған білім алушыларды анықтау.

Олимпиадаға қаланың 44 жалпы білім беретін мектебінің 5-6 сыныптың  оқушылары қатысты.

Олимпиада сегіз пән бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану. Қатысушылар әр пән бойынша тест тапсырмаларын жазбаша орындады.

Олимпиада қорытындысы бойынша 569 оқушы өз интеллектуалдық қабілеттерін көрсетті, 316 қатысушы жүлдегер атанды, оның ішінде дәрежелі дипломмен:  I орын 23 оқушы,   II орын – 103,  III орын – 190 оқушы.

Олимпиада жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

           Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі қоса беріледі.