Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Лидерство и Достоинство» атты Балалар-жасөспірімдер ассоциациясы кезекті маусымының финалы
17-04-2012 08:44

18 сәуірде сағат 16.00-де «Достық» концерттік залында (мекен-жайы:ул.Торайгырова, 48) Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы Балалар-жасөспірімдер ассоциациясының Павлодар қалалық жалпы орта білім беру мектептеріндегі жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі басқару органдарын біріктіретін «Лидерство и Достоинство» қалалық жобасының финалы өтеді.

Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы және қала мектептерінің педагогикалық ұжымдары өз жұмыстарының басты бағыттарының бірі мектептің өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру деп есептейді, яғни оқушыларды қоғамдық әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатыстыру ескеріледі. Берілген бағыт бойынша көптеген жұмыстар жүргізілді: әр мектепте мектептің өзін-өзі басқару органын көрсететін оқушылар ұйымы бар. Осы айтылған ұйымдар мен қозғалыстарды «Лидерство и Достоинство» балалар-жасөспірімдер ассоциациясы ұйымдастырады.

«ЛиД» ассоциациясы ББУҚШ орталығында 2008 жылы құрылған. Осы оқу жылында Ассоциация қызметінің төртінші кезеңі өтті. «ЛИД» көшбасшылар ассоциациясы түрлі бағыттарда (шығармашылық, волонтерлық, экологиялық, қоғамдық, патриоттық) шаралар, бағдарламалар ұйымдастырып өткізетін ашық, еркін және тәуелсіз ұйымды құрайды. Айтып өтерлігі, бағыттар қызметін балалардың өздері басқарады. Берілген бағыттар аясында мектеп көшбасшылары бірнеше қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жобаларды іске асырды. Олардың арасында:  «Команда, без которой нам не жить», «Короли танцпола», «Аллея памяти», «Іс кесушілер» интеллектуалдық ойыны, көшпелі мектептер және т.б.

Мамандардың айтуынша, басқа аймақтарға қарағанда, Павлодар өңірінде Ассоциация ұйымының қызметі нәтижесінде мектептегі қоғамдық ұйымдарды біріктіруге байланысты көптеген жұмыстар жүргізілген.

ББУҚШО ұзақ мерзімді жобасы – «ЛИД» ассоциациясы оқушылардың көшбасшылық, ұйымдастырушылық, қығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік жасау мақсатында ұйымдастырылған.

«ЛИД» көшбасшылар ассоциациясы қызметінің кезекті кезеңінің нәтижесі ретінде «Лидерство и Достоинство» жобасының финалдық шарасы өткізіледі. Конкурсқа жоғары сынып оқушылар кеңесі, мектеп парламенттері, шығармашылық ұжымдар және қала мектептерінің оқушылардың өзін-өзі басқару органдары қатысады. Жоба аясында мектеп көшбасшылары үш бағыт бойыша әлеуметтік маңызды шаралар ұйымдастырып өткізді. Бұлар экологиялық, шығармашылық және патриоттық бағыттар. Осылайша 2011-2012 оқу жылында 120-ға жуық шаралар өткізілді. Барлығы осы жобада Павлодар қалалық мектептерінен 33 топ қатысты. Финалға оқу жылының соңында жақсы нәтиже көрсеткен №9, 13, 18, 28, 41, 43 мектептерінің топтары өтті.

Финалдық шарада балалар түрлі көрсетілімдер және шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің мектептегі оқушылар кеңесінің моделінің жұмысы тиімді екенін дәлелдеулері қажет. Сонымен қатар, әділқазы алқасына қатысушылар видеобейне арқылы мектептің оқушылар кеңесінің басқа құрылымы мен жаңа үлгісін таныстырады. Топтарды құрамына үкіметтік емес ұйымдар ұстаздары мен көшбасшылары кірген әділқазы алқасы бағалайды.