4 ақпанда11.00 с. (№14 мектептің мәжіліс залы (Катаевк, 36) «Мектептің 12 сәті» - «Менің әуестігім» дәстүрлі қалалық фестивалінің бесінші кезеңі өтеді, бұл шеңберде жиырмадай мектеп-қатысушыларымен мектеп үйірмелерінің байқауы өтеді. Қала мектебінің өзіндік үйірме қызметі бүгінгі күніпавлодар оқушыларының немен шұғылданатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Баланы секцияға немесе үйірмеге беруге бола ма? Бұл ол үшін мектеп сабағына қосымша шамадан тыс жүктеме болмай ма? Немесе,керісінше,қызмет ауыстыру – ең жақсы демалыс? Сонда ұлды немесе қызды қай үйірмеге жазу керек? Бала өз пайдасы үшін және сүйіспеншілігімен қатысатын үйірмені қалай таңдау керек? Әрбір ата-ана бір күні осы мәселені алдына қояды.
Секция мен үйірменің балаға пайдасы бар екенін ұстаздар жақтайды. Себебі олар баланың дамуына және оның оқуына дұрыс әсер ететін бірқатар факторларды қамтамасыз етеді: қызмет түрі мен жағдайының ауысуы, стил және қарым-қатынасының ауысуы. Қызығушылығы бойынша үйірме сабағы баланың бос уақытын қамтылуын ұйымдастыру және қарым-қатынас ғана емес, оның жауапкершілігін, дербестігін, өз-өзіне баға беруін қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Қызықты секцияға қатысып, өзіне сенімсіз баланың өзі міндетті түрде кішкене болса да, бірақ өзі үшін маңызды табысқа жетеді. Бұл кішкене жеңіс баланың өз күшіне, өзіне деген сенімін бекітеді. Ол тек үйірме сабағындағы жағдайда ғана емес, өмірде де сенімді болады», - деп пікірді тұжырымдайды осы байқаудың ұйымдастырушылары.
Бұл аумақты мектеп фестиваліқазан айында бастау алды. Фестиваль, мектептің әртүрлі бағыты бойынша 12 «сәт» байқау кезеңінен тұрады, ең ұзақтығы – жыл бойы 12 кезеңмен өтеді (осы оқу жылында басталып, келесі оқу жылында аяқталады). Фестиваль жаппай болып табылады – оған бірнеше мың оқушы қатысады, мыңдаған ұстаздар іске қосылды. Қалалық фестивалдің әрбір «сәті» өмірден өткен және біздің қаламыздың білім жүйесін дамытуға маңызды үлес қосқан дәстүрлі 12 еңбек сіңген ұстаздар есіміне арналады. «Менің әуестігім» туры математика мұғалімі Ляйла Шакировна Миронова есіміне арналады, өмірінің 30 жылын педагогикалық қызметіне арнаған, білім беру бөлімі, Министрі грамоталарымен марапатталған, сонымен қатар «аға мұғалім» атағына ие болған.
Қалалық фестивалдың қорытындысы бойынша әрбір жанрдағы қатысушылардың жалпы санынан 40% лауреат анықталады. Фестивалдің абсолюттік жеңімпазы 100% қатысуы және барлық жанрдағы лауреат санымен анықталады.
«Мектептің 12 сәті» қалалық фестивалі балалар мен жасөспірімдерді ұжымдық шығармашылық қызметке жаппай баулу,мектеп дәстүрін қолдау,оқушылардың туған мектеп тарихына қызығушылығын туғызу,өткен жылғы ұстаздарды еске алу.