Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Біз біргеміз!» байқауының финалы
15-05-2013 09:49
«Біз біргеміз!» байқауының финалы

 

16 мамырда сағат 14.00 «Достық» концерт залында(мекен-жайы:Торайғыровк., 48; бұрынғыСлавянорталығы)жыл сайын ұйымдастыратын «Көшбасшылық және Абыройлық»  жоғарғысынып - көшбасшылар Балалар-жасөспірімдер ассоциасы ұйымдастыратын«Біз біргеміз!»атауымен мектептің өзін-өзі басқару дәстүрлі байқауының финалдық шарасы өтеді.«КжА» БЖЖСКА Павлодар қаласының жалпы білім беру оқу мекемесіндегі  мектептің  өзін-өзі басқару  органын біріктіреді.

Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы және қала мектептерінің педагогикалық ұжымдары өз жұмыстарында басты бағыттардың  бірі мектептің өзін-өзі басқаруын жетілдіру және дамыту деп есептейді, яғни  оқушыларды қоғамдық  әлеуметтік-маңызды  қызметке белсенді енгізу. Осы бағытта бірлескен үлкен жұмыс жасалды: әрбір мектепте мектептің өзін-өзі басқару органын ұсынатын оқушылардың белсенді ұжымы бар. Осы ұйымдар мен қозғалыстарды  «Көшбасшылық және Абыройлық»  жоғарғы сынып -көшбасшылар Балалар-жасөспірімдер ассоциасы біріктіреді. 

«Біз біргеміз!» байқауына қатысуға ұйымдастыру комитетімен  жоғарғысынып Кеңесінен, көшбасшылық Кеңесінен, жоғарғысынып Альянсінен, Мектеп Республикасынан, маслихаттан, жастар қанатынан және қала мектептеріндегі оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тағы басқа түрлерінен тапсырыс қабылданды. Жоба шеңберінде мектеп белсенділері төрт негізгі бағыт бойынша әлеуметтік маңызды шаралар өткізілді: шығармашылық, патриоттық, спорттық, экономикалық. 2012-2013 оқу жылында  120 шара өткізілді. Жобаға барлығы Павлодар қаласы мектептерінің 32 командасы қатысты. Финалға оқу жылының аяғында көп ұпай жинаған  №5, 9, 13, 18, 28, 36 мектептерінің 6 командасы өтті. «КжА» БЖЖСКА қызметінің кезекті кезеңінің қорытындысын жасау мақсатында жобаның финалдық шарасы ұйымдастырылады, бұл жеңімпаздар мен  лауреаттарды анықтайтын  шығармашылық есеп түрінде өтеді. Бірінші орын алған мектептің өзін-өзі басқару органының ұжымына  ауыспалы кубок тапсырылады.

Финалда балалар өздерінің мектептің өзін-өзі басқару үлгісінің тиімді екенін дәлелдеу (мектептің өзін-өзі басқару органының құрылымын түсіндіру істелген жұмыс туралы есеп) және шығармашылық тапсырмаларды орындау.Команданы жоба әділқазылар құрамына енген ұстаздар мен жастар көшбасшылар ұйымы бағалайды.

«КжА» БЖЖСКА 2008 жылы ББУҚжШО негізінде  құрылды.Биылғы оқу жылында Ассоциация қызметінің бесінші кезеңі өтті.«КжА» БЖЖСКАәртүрлі бағыт бойынша шығармашылық, волонтерлік, экологиялық, қоғамдық, патриоттық, спорттық шаралар, жобалар, бағдарламаларды жүзеге асыратын  өзіненеркін, ашық және тәуелсіз ұйымдарды ұсынады. Бағыт қызметін балалардың өздері басқарады. 2012-2013 оқу жылында   Ассоциациямен келесі бағыттар анықталды: «Шығармашылық зертханасы», «Медиа-орталығы», «Жүргізушілер мектебі», «Спорттық бағыт», «Көше билері», «Дебат», «Баспасөз орталығы», «КВН тобы», «Вокалдық топ». Осы бағыт шеңберінде мектеп көшбасшылары бірқатар ұзақ және қысқа мерзімді жобаларды жүзеге асырды. Олардың арасында: «Біз біргеміз!», «Короли танцпола», «Аллея памяти», интеллектуалдық ойын«Немое кино», көшпелі  лагерлер мен жиындар.

Ассоциация қызметі нәтижесінде, басқа аймақтармен салыстырғанда, Павлодарда оқушылардың өз ықыласы негізінде мектептің қоғамдық ұйым бірлестігінде маңызды қадамдар жасалды деп белгілейді мамандар. ББУҚжШО жобасы- «КжА» БЖЖСКА мектептің өзін-өзі басқару органы қызметін белсендіру, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ұйымдастырушылық іскерлігін, көшбасшылық қасиетін қалыптастыру үшін жағдай туғызу мақсатында жүзеге асырылады.