9 тамызда Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығында қала мектептерінің ықшам аудандарындағы аула командалары арасында «Ребята нашего двора» 6 қалалық байқауының финалдық туры өтеді. Жоба жазғы кезеңінде жасөспірімдер мен балалардың бос уақытының қамтылуы бойынша «Достық мерей» бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылады және қалада демалушы, аула командаларымен бірлескен балалар мен жасөспірімдер арасында әртүрлі байқауларды өткізу енгізілді.
Жаз бойы қала мектептерінің ықшам ауданындағы әртүрлі жастағы 10 адамнан құрылған аула командалары әртүрлі байқауларда жарысты. Аулалық шығармашылық топтар ұстаздар,жоғарғы сынып оқушылары және ата-аналар көмегімен барлық ықшам аудандарда құрылды. Жоба 15 маусымда бастау алып және кезеңмен жүзеге асырылды.Байқаудың «Наш двор – наша крепость!», «Один за всех и все за Казахстан» (көңілді старт), «Музыкальный серпантин» (шығармашылық тур), «Это ярмарки краски…», жергілікті ойындар (спорттық және интеллектуалдық тапсырмалар) 5 турының нәтижесі бойынша ең жақсы аула командалары дипломдар және сыйлықтармен марапатталады. Жоба қорытындысы 9 тамызда финалдық шарада жасалады.
Жоба мақсаты: жазғы демалыс кезінде қала оқушыларының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру; балалар мен жасөспірімдердің интеллектуалдық–шығармашылық,практикалық қабілеттілігін және қызығушылық белсенділігін жүзеге асыру үшін жағдай жасау; ықшам аудандарда қаңғыбастықтан және қылмыс жасаудан алдын алу бойынша жұмысты белсендіру;кәмелетке толмағандарды бірлескен қоғамдық және мәдени қызметке баулу;қатысушылардың патриоттық тәрбиесі.
Осылай,Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы жазғы кезеңде балалардың ерекше бос уақытын қамтамасыз етеді. Павлодар қаласы Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы сабақтан тыс уақытта барлық жастағы оқушылардың бос уақытын үйлестіру мақсатында құрылған. Әсіресе жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлініп, Павлодар қаласы оқушыларының бос уақытын ұйымдастыруға көптеген жобаларды жүзеге асырады.Бұл - нағыз балалардың сауықтырылып,айналадағы өмірді танып біліп,белсенді демалып, жаңа әсер алатын кезеңі.