Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
БАЛАЛАР ДАУЫСЫНЫҢ ӘР АЛУАНДЫҒЫ
19-04-2017 05:16
БАЛАЛАР ДАУЫСЫНЫҢ ӘР АЛУАНДЫҒЫ

       2017 жылы 13 сәуірде Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында «Балауса- 2017» балалар шығармашылығының қалалық фестиваль шеңберінде «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша іріктеу кезеңі өткізілді. № 38, 40, 33, 31, 32, 19, 2, 18, 37, 39, 7, 16, 24, 25, 9, 11, 20, 1, 26, 29, 35, 21, 23, 22, 28, 43, 34, 27, 36, 4, 12, 13, 14, 15, 41, 5, 6, 30 мектептері, «Стикс», Жетекші, Кенжекөл,Ұлттық жаңғырту мектебі, «Сауран», «Рақым», «Өркен», «Жастолқын» балалар –жасөспірімдер клубтары қатысты.
Фестиваль қатысушылары үй тапсырмаларын ұсынды - вокалдық орындаушылардың шығармашылық орындауы (соло, дуэт, трио, квартет, вокалдықансамбль, өлең театры, шоу-топ).
Әділ қазылар орындау техникасы, дауыс ырғағының көркемділігіне вокалдық қабілетіне ерекше көңіл бөлді.Жоғарғы топта № 37, 41, 43, 26, 16, 33 мектептің оқушылары лауреат болды. Дуэт, трио, вокалдық топта № 21,37, 40, 29, 35, 25, 24, 28, 9, Кенжекөл, Ұлттық жаңғырту мектебі лауреат болды. Жоғарғы топта ең жақсы өнер көрсеткен, № 37 ЖОМ оқушысы Сушенова Томиристің «Туған жер» өлеңін орындау кезінде вокалдық қабілеті белгіленді.
Орта топта № 24, 18, 40, 29, 18, 12 мектептері, «Сауран» балалар –жасөспірімдер клубының оқушылары лауреат болды. №24 мектеп оқушысы Асылбеков Нұрсұлтан «Туған жер» өлеңін серпінді орындауымен көрермендерге ұнады. Бастауыш топта № 25, 30, 19,«Стикс», 22, 2, 14 мектеп оқушылары лауреат болды. «Өсиет» композициясын орындаған №25 мектеп оқушысы Музафар Гаухар әділ қазылардың мақтауы мен жоғарғы ұпайға ие болды.
«Балауса»фестивалі «Композициялық оқу», «Бағдарлама жүргізушісі», «Эстрадалық вокал»номинациясы бойынша байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздарының қатысуымен сәуір айында гала-концертпен аяқталады.