Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалар дарындылығын дамыту және қамту орталығы 2017 жылғы 12 қыркүйек №39 ЖОМ 7-8 сынып оқушылары арасында математика пәнінен ауызша олимпиадасының І қалалық кезеңін өткізді. Олимпиада мақсаты – математикадан оқушыларды даярлау жүйесін жетілдіру, олимпиадаларға қатысу үшін қалалық команда құру.
Математикадан бірінші қалалық олимпиадасына 15 мектептің ішінен 37 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша №38 ЖОМ 8 сынып оқушысы Байгушкаров Олжас, №39 ЖОМ Чернышев Сергей І орын алды.
№42 ЖОМ 7 сынып оқушысы Давыдов Егор, №29 ЖОМ 7 сынып оқушысы Крачковская Анастасия, №39 ЖОМ 8 сынып оқушысы Половников Никита ІІ орын алды. №38 ЖОМ 7 сынып оқушысы Айтбай Әміржан, №26 ЖОМ 8 сынып оқушысы Романова Анита, №33 ЖОМ 8 сынып оқушысы Быкова Анастасия, №34 ЖОМ 8 сынып оқушысы Золотникова Мария ІІІ орын алды.
«Павлодар дарыны» БДДҚО құрмет грамоталарымен №9 ЖОМ 8 сынып оқушысы Ефимова Людмила, №16 ЖОМ 8 сынып оқушысы Мрыхин Владислав, №16 ЖОМ 8 сынып оқушысы Осипов Ян құрмет грамоталарымен марапатталды.
2017 жылғы қыркүйек айында І, ІІ орын алған балалар облыстық юниор олимпиадасына қатысады.
Математикалық старт