2018 жылы 23 қарашада Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетте ғылыми жоба республикалық байқауының облыстық туры өтті. Байқау мақсаты интеллектуалды байқауға көмектесу, талантты және дарынды зерттеушілерді қолдау болып табылады.
Облыстық байқауға қаланың 29 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 85 оқушысы 15 секция бойынша 70 жоба ұсынылды(физика, техника, математика, қолданбалы математика, экономика, информатика, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы, тарих,өлкетану, адам және қоғам, әдебиет,этномәдени және тіл білімі). Ең көп жобалар биология (9), қоршаған ортаны қорғау (8), тарих (8), өлкетану (7).
Байқау қорытындысы бойынша қаланың жалпы білім беру мектеп командалары «Ең нәтижелі» номинация атанды. 41 оқушы жүлделі орын алды.І дәрежелі дипломмен 4 оқушы, ІI дәрежелі дипломмен 10 оқушы, IIIдәрежелі дипломмен -27 оқушы.
Қала мектеп оқушылары тіл білімі, қазақ тілі, ағылшын тілі, техника, физика секцияларында жақсы нәтиже көрсетті. І дәрежелі дипломмен Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Алпамыс Маджидажәне ғылыми жетекшісіҚалиасқаров Әлібек Жұмажанұлы, физика мұғалімі марапатталды. Маджида қалалық турдың нәтижесін растады. Оның зерттеу жұмысының тақырыбы «Беспроводная передача электроэнергии» - үй жағдайында сымсыз заряд құрылысын құру мүмкіншілігі туралы . Физика сабағында ғылыми жетекшісімен электромагниттік индукция құбылысына жұмыс істейтін құрылғы дайындады.
№ 40 ЖОМ 11 сынып оқушысы Дунаев Михаилмен дайындалған «Тактильная перчатка - ориентир в пространстве на платформе ARDUINO» ғылыми жоба «Техника» секциясындаІ дәрежелі дипломмен белгіленді, - нашар көретін адамдар үшін «ARDUINO»платформа кеңістігінде бағдар,кедергіге дейін ара қашықтығын анықтау үшін жай және қымбат емес механизм құру. «Қолғап барлық затқа әсер етеді (жанды және жансыз). 1 метрдей кедергі болған жағдайда тербеліс пайда болады», - деп белгілейді автор.
№ 37 ЖОМ 11 сынып оқушысы Жунусханова Самал облыстық және қалалық кезеңде тіл білімі бойынша секцияда І дәрежелі дипломға ие болды. 2016 жылдан ғылыми жетекші қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғаліміАбдуллаева Қалдыкүл Манашқызымен бірлесіп «Сравнение в произведениях К. Кеменгерова» жобасымен жұмыс істеді. «Ирония как особая стратегия современного американского и казахстанского дискурса» ғылыми жобасын № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Бергенева Аружан ұсынды. Саяси дискурсаның негізгі мақсаты аудиториямен жұмыс істеу, қатысушыларды хабарландыру болып табылады.
Желтоқсан айында II тур (онлайн-тест), республика байқауының қатысушысын анықтайды.