Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ш. СМАГУЛОВАТЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
14-12-2018 16:04
Ш. СМАГУЛОВАТЫНДАҒЫ МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Әл-Фараби атындағы Казақ Ұлтық университетимен Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен бірлесіп академик Смағұлов Шалтай Смағұловатындағы III математикалық олимпиада өткізілді. Мақсаты – дарынды балаларды ынталандыру және ертеайқындау, математиканы насихаттау.
       2-тур қорытындысы бойынша 2018 жылы 14 желтоқсанда Павлодар дарыны» балалардың бос уақытын қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығында академик Смағұлов Шалтай Смағұловатындағы III математикалық олимпиаданың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті.
      № 8 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейден (I және II орын алған) 3 оқушыларымен бірге Павлодар қаласының № 34 ЖОМ 6 сынып оқушысы Абишев Нариман III орын алды.
      Нариман бала бақшадан бастап есепте жүйелеу және есте сақтау,логикалық ойлауда өзінің құрдастарынан алға шықты, өзінің шығармашылық және интеллектуалдық қабілетін көрсете бастады. Нариманның жан-жақты талантын және қабілетін дамыту үшін жемісті еңбек жасаған өзінің туған мектебі. Математика бойынша олимпиаданың мектеп турында бірнеше рет жеңіске жетіп, бірте-бірте халықаралық қашықтық олимпиадаларға қатысты, сонымен Смағұлов Шалтай атындағы математикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды.
     Олимпиаданың I туры 26 қазанда өтті, олимпиадаға Ақсу қаласының мектептері, НИМ, «Білім-Инновация» лицейі, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі, қаланың 36 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 8 сыныптың 370 оқушысы қатысты.
I тур қорытындысы бойынша 50 оқушы 11 қарашада олимпиаданың II турына қатысты.
     Барлық олимпиада қатысушылары сертификат, грамота, диплом, сыйлықтармен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін «Әл-Фараби» олимпиадалық дайындық Орталығы және «Әл-Фараби» атындағы Казақ Ұлттық университетінің механика-математикалық факультетінің алғыс хатымен «Павлодар дарыны» бос уақыттықамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының басшысы Шаймұрат Азамат Боранбайұлы, № 34 мектеп директоры Айгожин Болат Капкенұлы, орталық әдіскерлері Қабыл Гүлжазира Мұратбекқызы, Каирканова Назигүл Базарқызы, Айтуғанов Бауыржан Серікұлы, Шакенова Айгүл Жылқыбайқызы марапатталды.