Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Математик білгірлерінің турнирі
28-10-2019 16:07
Математик білгірлерінің  турнирі

        Математика бойынша талантты балаларды қолдау және айқындау, жоғарғы деңгейдегі зияткерлік жарысқа оқушыларды тиімді дайындау мақсатында  Павлодар қаласының  № 34 мектебінде 2019 жылы 28 қазанда «Бастау» бастауыш сынып оқушыларының қалалық математикалық турнирі өткізілді. 39 жалпы білім беру мектептерінен 2 - 4 сыныптың 159 оқушысы қатысты. Турнир 2 турдан тұрды – командалық ауызша  және жеке жазбаша.

       Қазақ тілінде оқитын ауызша командалық тур қорытындысы бойынша ерекше нәтижесі үшін № 38 НЖББМ командасына гран-при берілді құрамында Бахытбек Дамиля (2 сынып), Қалиқан Дінмұхаммед (3сынып), Мамырбекқызы Іңкәр (4 сынып). І дәрежелі дипломмен №35 ЖОМ командасы, ІІ дәрежелі дипломмен  - № 2, 37 ЖОМ және Б.Момышұлы атындағы мектеп командалары, ІІІ дәрежелі дипломмен  - СОШ № 7, 21, 39, 40 мектеп командалары марапатталды. Орыс тілінде оқитын  мектеп оқушылары арасында І дәрежелі дипломмен № 24 ЖОМ командасы, ІІ дәрежелі дипломмен  № 5, 17, 36, 39, Кенжекөл мектеп командалары, ІІІ дәрежелі дипломмен № 16лицей-мектебі, № 6, 9, 14, 21, 29ЖОМ, Жетекші мектебінің командалары марапатталды.

       Жазбаша жеке тур қорытындысы бойынша ерекше нәтиже үшін 4 сынып оқушылары арасында «Абсолюттік жеңімпаз» титулына № 13 ЖОМ оқушысы Бакланов Дмитрий иеленді. І дәрежелі дипломмен № 39 ЖОМ оқушысы Хайбуллов Арифулла,ІІ дәрежелі дипломмен  № 16 лицей-мектебі, № 21, 28, 36, 38, 41 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен - № 2, 6, 11, 17 (2), 35 ЖОМ оқушылары марапатталды.

       2 сынып оқушылары арасында ерекше нәтиже үшін «Абсолюттік жеңімпаз» титулына (№ 19 ЖОМ) оқушысы Галлам Әлішер, (№ 39ЖОМ) оқушысы Власов Романға берілді. І дәрежелі дипломмен № 9 гимназия-мектебінің оқушысы Динкель Екатерина, ІІ дәрежелі дипломмен №16 лицей-мектебі, № 2, 11, 17 (2), 21, 27, 28, 34 ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен №26, 29, 36 (2), 41, М. Әуезов атындағы мектеп, Кенжекөл мектебі марапатталды.

     3 сынып оқушылары арасында І дәрежелі дипломмен № 39 мектеп оқушысы Асетова Малика, ІІ дәрежелі дипломмен – № 35, 37ЖОМ оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен  № 2, 7, 13, 17 (2), 19, 23, К.Макпалеев атындағы мектеп оқушылары марапатталды.

  Математикалық турнир жеңімпаздары 38 НЖББМ мен № 24 ЖОМ оқушылары, байқаудың  облыстық турниріне қатысады.

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар  қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталады. Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификатымен белгіленді.