Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі
06-11-2019 08:42
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының Ережесі

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасының

Ережесі

1. Жалпы бөлім

1.1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер облыстық олимпиадасы Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдары білім беру дамуына арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

1.2. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер облыстық олимпиадасының Ережесі (ары қарай - Ереже) жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер облыстық олимпиадасының (ары қарай - Олимпиада) ұйымдастыру тәртібі мен өткізуін, ұйымдастырушылық-әдістемелік жағынан қамтылуын белгілейді. Олимпиада жыл бойы келесі пәндер бойынша өткізіледі: математика, физика, биология, химия, география, информатика (компьютерде Pascal, Free Pascal, Delphi, Cu++ (Dev) тілдерінде бағдарламалау). 

1.3. Олимпиаданың мақсаты – мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындық жүйесін жетілдіру мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы және бағдарламалау пәндерден олимпиадалық қорын қалыптастыру. 

1.4. Олимпиаданың міндеттері: 

- оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндеріне қызығушылығын ынталандыру;

- ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамыту;

- дарынды балаларды қолдауға қажетті жағдай туғызу, оқушылар арасында ғылыми білімді тарату;

- жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдете оқытатын сыныптарды ұйымдастыруда өзара тәжірибе алмасу.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

2.1. Олимпиада үш лига бойынша өткізіледі: мамандырылған мектептер лигасы,   қалалық орта мектептер,  аудандық орта мектептер  лигасы.

2.2. Олимпиада 2 тур бойынша өткізіледі: 1 (іріктеу) – жазбаша түрде; 2 (практикалық) – ауызша. 2 тур тапсырмалары, математика мен бағдарламалаудан басқа,практикалық (эксперименталдық) сипатта құрылады. Шешімдер қазылар алқасына ауызша түрде тапсырылады. Әр тапсырма бойынша қатысушы екі амалдан артық жасай алмайды. 

2.3. Олимпиаданың ұзақтығы – астрономиялық 4 сағат: әр турға 2 сағаттан.

2.4. Практикалық турға іріктеу турда жалпы ұпай санынан 70% алған оқушылар қатысады.

2.5. Олимпиада уақытында кез келген ақпарат көздерін және мобильдік байланыс құралдарын қолдануға тыйым салынады.

2.6. Ереже бұзған қатысушылар Олимпиададан шығарылады.

3. Олимпиада ұйымдастырушысы мен қазылар алқасы

3.1. Олимпиаданың ұйымдастырушысы: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.

3.2. Ұйымдастырушы өз құзыреттілігі аясында:

- Олимпиаданың өткізілу мерзімін, тәртібін, орнын келісіледі;

- қазылар алқасының құрамын жоғары оқу орындары ғалымдарының, облыс мамандандырылған және жалпы орта білім беру мектептері мұғалімдерінің қатарынан жасақтайды;

- жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімін бекітеді.

3.3. Қазылар алқасы тапсырмалар мен оларды бағалау өлшемдерін әзірлейді.

4. Олимпиада қатысушылары

4.1. Олимпиадаға жалпы орта (толық) білім беру бағдарламаларын меңгеретін облыс мамандандырылған және жалпы білім беру мектептердің 7-8 сынып оқушылары белгіленген квотаға сәйкес ерікті түрде қатысады.

5. Олимпиада қорытындысын шығару

5.1. Олимпиада қатысушыларына сертификат беріледі.

5.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.

5.3. Олимпиада жеңімпаздары Қ.Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадаға, жалпы орта білім беру пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне қатыса алады.

6. Олимпиаданың қаржылық қамтамасыздандыруы

6.1. Олимпиаданы өткізудің қаржылық қамтамасыз етілуі қаржылық ресурстардың қолайлылығы шеңберінде жүзеге асырылады. Қатысушылардан ақша алуға тыйым салынады.