Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
М.Жаманбалинов оқулары айлығы
20-01-2020 15:43
М.Жаманбалинов оқулары айлығы

Бүгін, 2020 жылдың 20 қаңтар күні, ақын, балалар жазушысы, журналист, КСРО журналистер және жазушылар одақтарының мүшесі М.К Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Жаманбалинов оқулары» көркемсөз оқу шеберлерінің мектепішілік байқауы  кезекті №43 жалпы орта білім беру мектебінде жалғасын тапты.

           Байқау бастауыш сыныптар оқушыларының арасында өтуде. Бұл байқау жас ұрпақты отансүйгіштікке, қазақстандық патриотизмге баулып, балалардың ойлау, ақпаратты қабылдау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

         Байқау ережесі бойынша үш кезеңнен тұратын сайысқа 4 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша оқытушысы А.С  Есенбаева 3 сынып оқушысы Аянбекұлы Ерболат   жеңіске жетті. Шараға жалпы 54 мектеп оқушысы қатысты. Балалардың бос уақытын қамту қалалық «Павлодар дарыны» орталығынан әдіскерлер А.Ж Шакенова мен З.А Мамбетова қатысты. Аталған шарада мектеп ұжымы жақсы дайындық, жоғары белсенділік көрсетіп, ұйышылдығын танытты.