№ 39 мектебінің 11 сынып оқушысы Ілияс Сұлтан, Павлодар қаласының дарынды қыз балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатында өткен А. Бектұров атындағы VІ халықаралық химия пәні бойынша олимпиадаға қатысып, "Ертіс дарыны" өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының Құрмет грамотасын жеңіп алды.
Шараға еліміздің 12 аймағынан, Алматы және Нұр-Сұлтан қ., республикалық білім беру ұйымдарынан, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан, Ресей Федерациясының Новосібір қаласынан 18 команда құрамынан 74 оқушы қатысты.
Олимпиаданың бірінші күні қатысушылар теориялық турдың тапсырмаларын орындаса, екінші күні олар практикалық турдың тапсырмаларын орындады.
Сұлтан - республикалық XII Президенттік олимпиаданың күміс медаль иегері, жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық, облыстық пән олимпиадасының бірнеше дүркін жеңімпазы.