Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бала және театр – Жас актерлер өз өнерлерін көрсетті
28-09-2020 12:53
Бала және театр – Жас актерлер өз өнерлерін көрсетті

М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына   арналған «Театрдың  ғажайып  әлемі»  республикалық  театр  өнері фестиваль-конкурсының облыстық кезеңін  қашықтықтан өткізді.Фестивальге облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 8 жастан 16 жасқа дейінгі аудандық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары 13 балалар театр ұжымдары қатысты, бұл 8 аудан мен 4 мектептен 58-ден астам  қатысушы.Байқаудың  мақсаты–өскелең   ұрпақтың рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі, жеке тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Драмалық спектакль»;

2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, балет, данс-спектакль және т. б.)

3) «Әдеби-музыкалық композиция»;

4) «Қуыршақ спектаклі»

Байқауға қатысушылардың онлайн көрсетілімін  Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры актерлерінен құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады.

* Доспаев Жұмахан Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, қазылар алқасының төрағасы;

* Ақанов Әділет Мерхатұлы- Ж. Аймауытов театрының актері., қазылар алқасының мүшесі;

* Балтабаева Айсұлу Ахметбекқызы- Ж. Аймауытов театрының актрисасы., қазылар алқасының мүшесі.

Павлордар қаласы бойынша екінші жүлделі орынға  «Әдеби музыкалық қойылым» номинациясы бойынша №28 ЖОББМ «Домовята» театршеберханасы ие болды.

 «Үздік орындау шеберлігі» номинациясында №16 ЖОМ байқалды.