
М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы қазақ ақыны, философ, композитор, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Театрдың ғажайып әлемі» республикалық театр өнері фестиваль-конкурсының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.Фестивальге облыстың жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 8 жастан 16 жасқа дейінгі аудандық, қалалық конкурстардың жеңімпаздары 13 балалар театр ұжымдары қатысты, бұл 8 аудан мен 4 мектептен 58-ден астам қатысушы.Байқаудың мақсаты–өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиесі, жеке тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1) «Драмалық спектакль»;
2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, балет, данс-спектакль және т. б.)
3) «Әдеби-музыкалық композиция»;
4) «Қуыршақ спектаклі»
Байқауға қатысушылардың онлайн көрсетілімін Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық-драма театры актерлерінен құралған кәсіби қазылар алқасы бағалады.
* Доспаев Жұмахан Рысқұлұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, қазылар алқасының төрағасы;
* Ақанов Әділет Мерхатұлы- Ж. Аймауытов театрының актері., қазылар алқасының мүшесі;
* Балтабаева Айсұлу Ахметбекқызы- Ж. Аймауытов театрының актрисасы., қазылар алқасының мүшесі.
Павлордар қаласы бойынша екінші жүлделі орынға «Әдеби музыкалық қойылым» номинациясы бойынша №28 ЖОББМ «Домовята» театршеберханасы ие болды.
«Үздік орындау шеберлігі» номинациясында №16 ЖОМ байқалды.