«Бала тілі –бал»
Біз балдырған баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Шаттанамыз күлеміз,
Көкке қанат қағамыз.
22.09.2011 жылы №6 сәбилер бақшасында тілдер айлығына байланысты «Бала тілі -бал» атты ертеңгілік өтті. Әр топ өнерлерін көрсетіп қана қоймай, бақша өмірінен қызықты сәттерді сахналады. Ата-аналардың қатысуымен топ аралығында «Бала тілі -бал» қабырға газетінің көрмесі ұйымдастырылды. Ортаңғы «В» тобы, ортаңғы «Б» тобы , І-ші сәбилер «А» тобы ерекшеліктерімен, қиялдың ұшқырлығымен көзге түсіп, мадақтау граммоталарына ие болды.Балалар шаттанып топтарына оралды.
