Этнопедагогика тәрбиесі, жалғасында...
25. 07.2012ж Естияр «А» тобының тәрбиешісі Ризадина Эльмира естияр, ересек топтар арасында «Мақал-мәтелдер» сайысын өткізді. Сөз мәнеріне көрік беретін асыл сөздің бірі - мақал-мәтелдердің мағынасын балалар түсіндіре білді.
Естияр «А» топтары мынандай мақал-мәтелдерді тірек сызба арқылы айтты; «Ас атасы – нан», «Отансыз атам, ормансыз бұлбұл», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса –жер ырысы».
Естияр «Б» топтарының балалары «Асыл асық» ойыны арқылы «Отан», «Денсаулық» тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айтты. «Отан оттан да ыстық», «Сулы жер-нұрлы жер», «Денсаулық –зор байлық», «Денсаулық -байлықтан қымбат», «Тәртіп пен еңбек-денсаулық кепілі».
