Телефон доверия
(87182)676300
Адрес: Ак. Сатпаев көшесі, 241 (87182)676300
(87182)676298
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 9.00 - 18.00 дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Этнопедагогика тәрбиесі, жалғасында...
16-08-2012 09:45

25. 07.2012ж  Естияр «А» тобының тәрбиешісі Ризадина Эльмира  естияр, ересек топтар арасында «Мақал-мәтелдер» сайысын өткізді. Сөз мәнеріне көрік беретін асыл сөздің бірі - мақал-мәтелдердің мағынасын балалар түсіндіре білді.

Естияр «А» топтары мынандай мақал-мәтелдерді тірек сызба арқылы айтты; «Ас атасы – нан», «Отансыз атам, ормансыз бұлбұл», «Ерлік білекте емес, жүректе», «Батыр туса-ел ырысы, жаңбыр жауса –жер ырысы».

Естияр «Б» топтарының балалары «Асыл асық» ойыны арқылы «Отан», «Денсаулық» тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айтты. «Отан оттан да ыстық», «Сулы жер-нұрлы жер», «Денсаулық –зор байлық», «Денсаулық -байлықтан қымбат», «Тәртіп пен еңбек-денсаулық кепілі».